Қазақстан Сыртқы істер министрі «CITIC Group» басшылығымен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана, 2025 жылғы 28 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қытайлық «CITIC Group» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуамен кездесу өткізді.

Тараптар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кешегі кездесуде аталған экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективаларын талқылады.

Жоғары технологиялық сектор, логистикалық инфрақұрылым мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағдарлана отырып, инвестициялық өзара іс-қимылға және Қазақстанда жаңа бірлескен жобаларды іске қосуға ерекше назар аударылды.

«CITIC Group» – Қазақстанда алғашқылардың бірі болып жұмысын бастаған ірі қытайлық инвесторлардың қатарында. Компания «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Caspi Bitum» бірлескен кәсіпорны және «Altyn Bank» АҚ сынды жобаларды жүзеге асырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1006650?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді