ҚАЖ мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің «№68 мекемесінде» жеке құрамымен профилактикалық кездесу өткізді.

Жиналысқа өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бас маманы Ж.Қозбағарова  және мекеме басшысының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары М.Тұрымбетов қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жауапкершілігі мен салдары туралы хабардар етілді.

Шара соңында  қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kyzylorda/press/news/details/1005186?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді