Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы аясында Қонаев қаласында полиция қызметкерлері мен белсенділер бірлесіп «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде рейдтік іс-шара өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты – қала аумағындағы абаттандыру және санитариялық жағдай ережелерінің сақталуын бақылау. Рейд барысында тазалық пен тәртіп талаптарының сақталмауы бойынша бірнеше фактілер анықталды. Әрбір құқықбұзушылық бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.
«Таза Қазақстан» акциясы экологиялық жағдайды жақсартуға, азаматтардың қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне деген жауапкершілігін арттыруға және тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Құқық қорғау органдары қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, абаттандыру ережелерін сақтауға және таза әрі жайлы қала қалыптастыруға өз үлестерін қосуға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1006766?lang=kk
Жауап қалдыру