
«Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі» ММ өткізетін «Шахтинск қаласының су құбыры желілерін қайта жаңарту, 3-кезек» жобасын іске асыру шеңберінде қолданыстағы су құбыры желілерінің тозуының жоғары дәрежесіне байланысты 2025 жылғы 10 маусымнан бастап жаңа желілерге қайта қосылу жоспарланғанын хабарлаймыз. Ескі су құбыры арқылы су беру тоқтатылады.
- Осыған байланысты, жаңа сумен жабдықтау желілеріне көшу бойынша қажетті жұмыстарды алдын ала жүргізуді сұраймыз.
- Қайта қосылғаннан кейін ескі желілер арқылы су беру 2025 жылдың 10 маусымынан бастап толығымен тоқтатылатынына назар аударамыз.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін рахмет және келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
- Анықтама үшін байланыс деректері: Рустем 8 702 348 5808

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/1006307?lang=kk

Жауап қалдыру