Райымбек даңғылын жаңарту жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Райымбек даңғылының негізгі бөліктерінде көріктендіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр
Не істеліп жатыр:

🔹 Ескі жабындыны алу, тротуар жиектас пен граниттік жиектастар орнату.
🔹 Тас төсеу және арық науаларын орнату.
🔹 Суару және көше жарықтандыру жүйелері үшін траншеялар дайындау.
🔹 Көгалдандыру, жаяу жүргіншілер аймақтары мен веложолақтар салу.

🌿 Барлық жұмыс даңғылды жайлы әрі қауіпсіз етуге бағытталған: орындықтар, жарықтандыру орнатылады, жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылып, оның қолжетімділігі тұрғындар үшін, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де жақсарады.
⚠️ Жөндеу жұмыстары барысында көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылып, көше жарығы өшіруі мүмкін (Сейфуллин көшесінен Бөкейханов көшесіне дейінгі аралықта).

📍 Маршрутыңызды алдын ала жоспарлап, қараңғы уақытта абай болыңыз.

💬 Жұмыс барысы туралы толық ақпаратты тіркелген құжаттан оқи аласыз: https://t.me/AlmatyJoly/1689

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1006085?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді