Республикалық “Ілияс Жансүгіров оқулары” байқауынан ІІ орын

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің «К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі” КММ-нің 10-сынып оқушысы Ардақ Рахила Республикалық “Ілияс Жансүгіров оқулары” байқауының Республикалық кезеңінде Абай облысының намысын қорғап, ІІ орын иегері атанды.
Ардақ Рахила осы уақытқа дейін республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпазы, қазақ тілі және әдебиеті пәнінен ауыл мектептері олимпиадасының жеңімпазы, «Үздік мектеп парламенті» байқауында көшбасшылық етіп республикалық кезеңге жолдама алды. Сондай-ақ тағы да басқа сайыстардың жүлдегері атанып жүрген мақтанышымыз.
Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Ю.Турганбаева.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1006387?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді