
2025 жылғы 28 мамырда сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті елуінші сессиясы өтті.
Сессияға Жарқайың ауданының әкімі Е.Жүсіпбеков, Ақмола облысының тексеру комиссиясының мүшесі А.Каркенов, облыстық мәслихаттың депутаты В.Камышанский, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, Қоғамдық кеңес мүшелері, ауданның ұйымдары мен мекемелерінің басшылары, қала, ауыл және ауылдық округ әкімдері бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде мәселелер қаралды:
- «2024 жылға арналған аудандық бюджеттің, Державинск қаласы, ауылдық округтер мен ауылдар бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы».
- «Жарқайың ауданының 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі»
- Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілген негізгі мәселе туралы.
Аудандық мәслихат депутаттары сессияның күн тәртібі бойынша барлық шешімдерді бірауыздан қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/1006365?lang=kk

Жауап қалдыру