Шағын және орта бизнесте көрсеткіштер өскен (сәуір айының қорытындысы)

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 1-ші мамырына жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 106 426 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,3% артты.

ШОБ субьектілерінің дамуының арқасында 2024 жылдың 4-ші тоқсанына шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 1522,6 млрд. теңгенің өнімі (жұмыс, қызмет) өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 120,2% өскен.

2025 жылдың 1-ші мамырына облыста орналасқан қаржы институттарымен несие сомасы 32,3 млрд. теңгені құрайтын барлығы 14 346 кәсіпкерге несие берілді (бұл қаражаттың 53,3%, яғни 17,2 млрд. теңгесі екінші деңгейлі банктер арқылы, 46,7%, яғни 15,1 млрд. теңгесі микроқаржы ұйымдары арқылы несиелендірілді). Берілген несиелердің 8,4 млрд. теңгені құрайтын 54 жобасы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-kasipkerlik/press/news/details/1006083?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді