
Білім беру ұйымдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған “Қазақстан балалары” жалпыұлттық жобасы аясында ауқымды іс-шараларды іске асыру жалғасуда.
27 мамырда бүкіл ел бойынша “Баланың әл – ауқаты-мемлекеттің қамқорлығы” тақырыбында балалардың қатысуымен форумдар, дөңгелек үстелдер, ашық диалогтар өткізуі аясында Шахтинск қаласының білім беру бөлімінің басшысы Н.Онсович Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарының 11- сынып түлектерімен кездесуі өтті.
Ашық диалог форматында біздің түлектер қайда түсуді жоспарлап отыр? Олар оқуды бітіргеннен кейін туған қаласына оралуды қарастырып жатыр ма? маңызды тақырыптар талқыланды.
Түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды. Мұндай кездесулер маңызды-олар жастарды естуге және қаламыздың болашағы үшін бірге жұмыс істеуге көмектеседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1005786?lang=kk

Жауап қалдыру