ШҚО-да ерекше білім қажеттіліктері бар балаларға арналған «Біздің таланттар» конкурсы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 22 мамырда Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы психолого-педагогикалық түзету кабинеттері мен реабилитациялық орталықтарға баратын, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Біздің таланттар» атты музыкалық- шығармашылық байқауын ұйымдастырды.

Шараның мақсаты — ерекше қолдауды қажет ететін балалардың шығармашылық өзін-өзі іске асыруына жағдай жасау және олардың қабілеттерін ашуға мүмкіндік беру.

Облыстық кезеңге  өңірдің әртүрлі аудандарынан 26 бала қатысты, олар 19 шығармашылық жұмыс ұсынды. Байқау материалдары бес номинация бойынша ұсынылды: «Оркестр», «Шебер қолдар», «Кішкентай биші», «Үздік оқырман», «Алтын дауыс».

Қазылар алқасы қатысушылардың жоғары деңгейдегі дайындығын атап өтіп, оларды сүйемелдеген мұғалімдер мен мамандарға алғыс білдірді. Олардың кәсіби шеберлігі мен қолдаудың арқасында балалар өз таланттарын көрсетіп, елеулі нәтижелерге қол жеткізді.

Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз! Сіздерге шығармашылық табыстар, мықты денсаулық және жаңа белестерді бағындыруға шабыт тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1006144?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді