
Kazakhmys Barlau Қарағанды облысында орналасқан Соқырқой кен орнында бұрғылау бағдарламасының үшінші кезеңіне кірісті. Жұмыстар алтын минералдануының тереңдікте ұлғаюын зерттеуге және сульфидті кенді қайта байыту аймағындағы мыс минералдануының параметрлерін нақтылауға бағытталған.
Геологиялық барлау жұмыстары 2023 жылы кешенді геофизикалық зерттеулерден басталған болатын. Атап айтқанда, ВП-ДОЗ әдісімен электрбарлау, магниттік барлау және литогеохимиялық түсірілім орындалды. Бұл зерттеулер бұрғылау кезеңдеріне арналған перспективалы учаскелерді анықтауға мүмкіндік берді.
2024 жылы жалпы көлемі 6 400 пог.м. құрайтын бұрғылаудың бірінші және екінші кезеңдері жүргізілді.
Қазіргі үшінші кезең аясында 3 050 пог.м. бұрғылау жұмыстары жоспарланған. Барлық зерттеулер геофизикалық, геохимиялық және геологиялық деректердің кешенді талдауы негізінде атқарылуда.
Kazakhmys Barlau заманауи геологиялық барлау әдістерін қолдана отырып, жинақталған деректерді терең талдауға басымдық беру арқылы минералды-шикізат базасын кеңейту стратегиясын жүйелі түрде іске асыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1006022?lang=kk

Жауап қалдыру