Талас ауданында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша уәкілетті органдар жұмысының тиімділігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң және Тәртіп» қағидаты аясында Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Қаратау қаласында құқық қорғау органдарының кезекті көшпелі отырысын өткізді.

Қылмыстылықтың деңгейі жоғары аудандарда құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық топтардың жұмысы тыңдалды.

Осылайша ағымдағы жылдың басынан бастап қылмыстың алдын алу бойынша жоспарланған іс-шараларды іске асыру нәтижелері оңды тәжірбие көрсетіп, аудандағы қылмыс деңгейі 17%-ға (48-ден 40-қа) төмендеген.

Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарды, сондай-ақ алкоголизм проблемалары бар адамдарды қоса алғанда, полицияның есепке алу контингентімен мақсатты жұмыс жүргізілді.

Аудан прокуратурасымен басқа өңірлерге көшіп, өмір салтын өзгерткен және қайтыс болған тұлғалар анықталды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде аталған санаттағы тұлғалар жүйелі түрде есепке алынды.

Аталған іс-шаралар нақты мәселелерді шешуге бағытталған профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттырды.

Соңғы екі жылда Қаратауда қараусыз қалған сегіз ғимаратқа қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, маргиналды топтардың жиналуы мүмкін жерлерді азайтуға және қылмыстық құқық бұзушылық қаупін азайтуға көмектесті. 

Өз кезегінде, Нұрғалым Әбдіров криминогендік жағдайға теріс әсер ететін бірқатар проблемалық мәселелер әлі де орын алып жатқанын атап өтті.

Атап айтқанда әкімдікке қалған үш иесіз үй-жай мәселесін қысқа мерзімде шешу, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді бейнебақылау және жарықтандыру жүйелерімен қамтуды кеңейту ұсынылды.

Құқық қорғау органдарына халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңдарды сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жандандыру тапсырылды.

Іс-шара барысында халықпен кездесу ұйымдастырылып, онда прокуратураның ерекше бақылауына алынған көше қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы

#ЗаңменТәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1005132?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді