Тарих қойнауындағы айтылмай қалған жерлердің үнін жеткізген Шағжан Исабаев құрметке бөленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін – 21 мамыр, Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

Осыған орай, бүгінгі әңгімеміз – Бөрілі ауылында тұратын жерлесіміз, Ақорда төрінде Мемлекет басшысының қолынан «Құрмет» орденін алған Шағжан Исабаев жайында болмақ.

Шағжан Бекенұлы – «Абайдың Жидебай–Бөрілі» тарихи-мәдени музей-қорығы жанындағы М.Әуезов музей-үйінің жетекшісі. Ол Абай ауданы аумағындағы тау, төбе, қыстау, қорым, бұлақ сынды 118 киелі нысанның орнын анықтап, олардың тарихи сипаттамасын жасаған. Сонымен қатар, «Абай жолы» романындағы тарихи кейіпкерлердің жерленген орындарын нақтылап, сол мекендерге ескерткіштердің қойылуына атсалысқан.

Басты кейіпкеріміздің М.Әуезовтің эпопеясында суреттелетін Шыңғыстау өңірінің тарихи атауларын зерттеп, Алматыдағы М.Әуезов музейі жанындағы ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесе кешенді зерттеу жүргізгенін де көпшілік біле бермейді.

30 жылдық еңбек өтілі бар музей қызметкері бүгінде жәдігерлердің ұқыпты сақталуын үнемі назарда ұстап, мәдени мұраны сақтау ісіне адал қызмет етіп келеді. 2 мыңнан астам экскурсия жүргізіп, қазақ тарихын қастерлеп келген туристердің ыстық ықыласына бөленіп жүрген азамат. Мәдениет жанашырына мемлекет тарапынан берілген бұл марапат – еңбектің еленуі, ізденістің жемісі деп білеміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-cultura-arhiv/press/news/details/1005464?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді