
Биыл қазақ өнеріне 300 ден астам ән қалдырған ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл! Осыған орай 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні қарсаңында облыстық филармонияның әншісі Әсел Қожанова киелі Түркістан өңірінде «Бұлбұл» атты шығармашылық ән кешін өткізді.
Кеш жанды дауыста жиырма жылдан астам тарихы бар «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өтті.
Жиынға арнайы келген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пен Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев кеш иесін құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
Концерттік бағдарламада классикалық туындылар, халық әндері, Шәмшінің таңдаулы шығармалары орындалды. Кеш иесінен бөлек филармония өнерпаздары мен опера және балет театрының жеке солистері ән шырқады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1006204?lang=kk

Жауап қалдыру