
Ағымдағы жылдың 28 мамырында Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ұ.Оразгелдінің төрағалығымен департамент қызметкерлері арасында семинар өткізілді. Семинардың күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қызметтік тәртіп, мемлекеттік қызметшілердің әдебі, мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мәселелері туралы Әдеп жөніндегі уәкіл Ұ.Оразгелді және Әкімшілік бөлімінің басшысы Э.Абдыкаликова баяндама жасап, түсіндірілді.
Семинар қорытындысымен күн тәртібіндегі мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1006525?lang=kk

Жауап қалдыру