
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д.Жұмагелдин Семей қаласының Полиция басқармасының әкімшілік тәртіпте қамауға алынған тұлғаларға арналған арнайы қабылдау орнына барып, барлық тұрғын және тұрмыстық үй-жайларды аралап, ұстау, тамақтану, медициналық қамтамасыз ету жағдайларын тексерді.
Арнайы қабылдау орнының барлық камераларын аралау және ұсталған адамдармен әңгімелесу жүзеге асырылды, оның барысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және оның Абай облысы бойынша өкілінің қызметі туралы ақпарат жеткізілді. Азаптауға және ұстау шарттарына шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.
Арнайы қабылдау орнының үй-жайларында күрделі де, ағымдағы жөндеу де жүргізілген жоқ, осыған байланысты осы мекеменің санитарлық-тұрмыстық жағдайының кемшіліктері байқалады.
Бару нәтижелері бойынша Абай облыстық полиция департаментінің басшылығына тиісті ұсынымдар енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-abay-oblysy/press/news/details/1006379?lang=kk

Жауап қалдыру