XIII Қазақстандық халықаралық KIOSH 2025 конференциясы мен көрмесіне қатысу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 28-29 мамырда Астана қаласында XIII Қазақстандық Халықаралық Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі – KIOSH 2025 конференциясы мен көрмесі өтті.

Аталған іс-шара аясында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы отандық өндірушілер мен өнім берушілер көрмесі, өндірістік жарақаттанудың алдын алудың жаңа стратегиялары мен стандарттарын талқылай отырып, панельдік сессиялар мен дөңгелек үстелдер өтеді.

KIOSH халықаралық конференциясына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Сабағанов Мирас Қапетұлы, сондай-ақ, «BioOperations» ЖШС, «EMC AGRO» ЖШС, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «ЖТ Ақмола бөлімшесі» филиалының Жаңа-Есіл сигнал беру және байланыс дистанциясы, ЖК «Мукашева» сияқты облыс кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1006393?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді