
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы 2025 жылғы 16 мамырдағы бұйрықпен мемлекеттік қызметшінің жеке ісін жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесіне, атап айтқанда, мемлекеттік қызметшінің жеке ісіне құжаттар кіретінін нақтылауға өзгерістер енгізді.
- Мемлекеттік қызметші қол қойған ант мәтіні бар бланк (түпнұсқасы мемлекеттік қызметші ант қабылдаған мемлекеттік органда ғана сақталады. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізіміне ант беру туралы тиісті жазба енгізіледі).
- Мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолдану және оларды мерзімінен бұрын алып тастау туралы уәкілетті тұлғаның актілері (бар болса).
- Форма бойынша Өмірбаян.
- Мемлекеттік қызметшінің жеке, этикалық және кәсіптік қасиеттеріне байланысты, кәсіптік қызметке байланысты жеке жетістіктері туралы деректерді қамтитын мәліметтер, сондай-ақ қызметшіні лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар адам немесе мемлекеттік органның бірінші басшысы, сондай-ақ жоғары тұрған лауазымды адамдар тарапынан мемлекеттік қызметшінің кәсіптік қызметіне қатысты шағымдар туралы мәліметтер Мемлекеттік орган, оның ішінде ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Үкіметі Аппараты.
- Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органнан Е-қызмет ақпараттық жүйесі арқылы сұратылатын мемлекеттік қызметшінің құқық бұзушылықтары туралы мәліметтер. ●Мемлекеттік қызметшіні оқыту туралы мәліметтер. Сондай-ақ, Е-қызмет ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызметші туралы мәліметтерді өзектендіруді персоналды басқару қызметі жүзеге асыратыны көрсетілген. Тізбеде көзделген дербес деректерді жинау, өңдеу және сақтау Дербес деректер саласындағы заңнама талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1006167?lang=kk

Жауап қалдыру