ЗЕЙНЕТАҚЫ САЛЫМДАРЫН АЛУҒА КӨМЕКТЕСЕМІН ДЕП УӘДЕ БЕРГЕН ЖАЛҒАН МАМАН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНАН 3 МИЛЛИОННАН АСТАМ ТЕҢГЕ ИЕМДЕНІП АЛҒАН

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен Шелек ауылының 37 жастағы тұрғынын ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізді.

Еңбекшіқазақ ауданының екі тұрғыны полицияға белгісіз әйелдің зейнетақы жинақтарын шешіп алуға көмектесемін деп уәде беріп, олардың ақшалай қаражаттарын иемденіп кеткені туралы шағыммен жүгінген. Келтірілген жалпы шығын көлемі 3 350 000 теңгені құрады.

– Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Аталған факті бойынша алаяқтық белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оның өзге де азаматтарға қатысты осындай әрекеттері бар-жоғы анықталуда, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдары азаматтарға қырағылық танытып, бейтаныс адамдарға ақша бермеу керектігін ескертеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1006754?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді