
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының “Жоғары аграрлық-техникалық колледжі” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры лауазымына Галиаскарова Асел Наримановна тағайындалды.
Асел Наримановна – білім беру саласында 16 жылдан астам еңбек өтілі бар жоғары білікті маман. Ол еңбек жолын Инженерлік-технологиялық колледжінен бастаған. Кейін «Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде» арнайы пәндер оқытушысы болып жұмыс істеді. 2018 жылдан бері “Жоғары аграрлық-техникалық колледжінде” директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Асел Наримановна – 2015 жылдан бастап «Талап» КЕАҚ-ның штаттан тыс тренері. Сонымен қатар ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім мазмұнын сараптау орталығының сарапшысы және
«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының түлегі.
Жаңа басшыны ұжымға облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин таныстырып, алдағы қызметіне табыс тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1006521?lang=kk

Жауап қалдыру