
Жаңаөзенде жергілікті тұрғыннан бекіре балығы тәркіленді.
– ІІМ “Заң мен Тәртіп” принципі бойынша жұмысты жалғастыруда. “Бекіре” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Маңғыстау облысының криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласында сирек кездесетін балықтарды заңсыз сақтаған жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адамнан жарты тоннадан астам бекіре тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1006768?lang=kk

Жауап қалдыру