Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауланы абаттандыруға қалай өтініш беруге болады?

Жауап: Объектілерді іске асыру бойынша қаржыландыру (балалардың ойын және спорт алаңдары, скверлерді және тротуарларды абаттандыру) “Халық қатысатын Бюджет” жобасы арқылы жүзеге асырылады.
Осыған байланысты аудан әкімі аппаратының ресми сайтында жарияланатын 2027 жылға арналған “Халық қатысуы бюджеті” жобасына белсенді қатысуды ұсынамыз.

Айына қанша рет үйден қоқыс шығарылуы керек?

Жауап: Жария шарт кезінде қоқысты шығару жиілігі тұрғындардың санынан, яғни жинақтау нормаларынан айқындалады. Жеке шарттары бар жеке үй иеліктерінде қоқыс айына 1 рет шығарылады, ал көпқабатты тұрғын үйлерде әкету күн сайын жүргізіледі.

Жергілікті өзін-өзі басқаруға қалай кіруге болады?

жауап: “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-заң) 39-бабына 7-тармағына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала мәслихатының шешімі негізінде құрылады. Сіз тұратын аудан әкімінің аппаратына өтініш беру арқылы жергілікті өзін-өзі басқаруға кіре аласыз.

Үйді жылыту маусымына дайындау нені білдіреді?

Жауап: Үйді ПИК, МИБМ немесе үй бойынша жауапты тұлға жылыту маусымына дайындау үшін келесі жұмыс түрлерін жүргізуді ұйымдастыру қажет:
жылыту жүйесін жуу;
жылыту жүйесін қысу;
элеватор торабының жөндеу жұмыстары, қажет болған жағдайда күрделі жөндеу жүргізу;
“Теплотранзит Караганда” ЖШС-нен 100% дайындық актісін алу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-alikhan-bokeikhan/press/news/details/1005964?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді