
2025 жылдың 27 мамырында Әділет департаменті басшысының орынбасары Темирбек Нажикановтың заң консультанттары палатасының төрағасы Болатбек Искаковпен және “Заңгер” заң консультанттары палатасының төрағасы Дәурен Рахаделовпен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында палата өкілдерінің халыққа кепілдік берілген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысу мәселелері талқыланды. Әсіресе көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және әділет органдары мен заң қоғамдастығы арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылады.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1005923?lang=kk

Жауап қалдыру