
Біздің қаламызда «Жастар орталығы» ғимаратының 1-қабатында ұйымдастырылды. Акцияға қаланың кәсіби заңгерлері мен адвокаттары, сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Акция аясында заңгерлер, адвокаттар мен сарапшылар халыққа тегін түрде заң көмегін көрсетті. Кез-келген азамат қажетті заңгер кеңесін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдерінен өзін толғандыратын мәселелер бойынша түсіндірме кеңес ала алды.
Жобаның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң нормаларын дұрыс түсіну және жалпы олардың біркелкі қолданылуы үшін құқық қолдануды түсіндіру. Ол үшін жүгінген кез келген өтініш беруші, заңгер-сарапшылар толыққанды құқықтық көмек көрсетеді. Бұл акцияның негізгі миссиясы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/1011377?lang=kk

Жауап қалдыру