
2025 жылғы 4 маусымда Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің аумағында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Туым – Тірегім, Әнұраным – жүрегім» атты салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара Мемлекеттік Тудың салтанатты түрде енгізілуімен басталып, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Құттықтау сөзбен азаматтық қорғау подполковнигі Департамент бастығының бірінші орынбасары Мирбек Амонқосұлы Қараев қатысушыларды мемлекеттік мерекемен құттықтады.
Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің, тәуелсіздігіміздің символы. Бұл күні әрбір азамат өз Туына, Елтаңбасына, Әнұранына деген мақтаныш сезімін ерекше ұғынады.
Салтанатты жиын патриоттық рух пен мақтанышқа толы сәттермен аяқталды. Баршаңызды мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Маңғыстау облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1012238?lang=kk
Жауап қалдыру