
Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиев Қарабұлақ және Амангелді ауылдарына жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Қарабұлақ ауылындағы кездесуден кейін аудан басшысы осы елді мекенде салынып жатқан көпір құрылысының барысымен танысты. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Көпірдің толықтай пайдалануға берілуі 2025 жылдың шілде айына жоспарланған.
Сондай-ақ, ауылдағы білім беру нысандарының жай-күйі де назардан тыс қалмады. Биыл Қарабұлақ ауылындағы мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу аяқталған соң, мектеп оқушылары мен мұғалімдер үшін оқу процесі анағұрлым қолайлы ортада өтетін болады.
Амангелді ауылында да бірқатар мәселелер көтерілді. Ауыл тұрғындарының сұранысына сәйкес, балалар ойын алаңының құрылысы басталып кетті. Бұл жоба ағымдағы жылы толық аяқталып, балалардың игілігіне пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, Амангелді ауылына қатынайтын ауданаралық жолды асфальттау мәселесі сөз болды. Оған қатысты алдағы уақытта тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады деп жоспарлануда.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірқатар өзекті ұсыныстар мен өтініштер айтылды. Барлық көтерілген мәселелер назарға алынып, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1013248?lang=kk

Жауап қалдыру