
Департамент басшысы Таласбаева Гүлнар Темірболатқызы ағымдағы жылдың 3 маусымында азаматтарды қабылдады.
Демалыстың ұзақтығын есептеу мәселесімен жас маман, «Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейі» КММ-нің информатика пәнінің мұғалімі Манкошев Жандос Нұрланұлы жүгінді.
Басшы мұғалімге түсініктеме берді.
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес педагогтердің еңбек демалысының ұзақтығы 56 күнтізбелік күнді құрайды.
Демалыс беру кезінде нақты жұмыс істеген уақыт, сондай-ақ педагог жұмыс істеген уақыт кезеңі ескеріледі.
Егер педагог білім беру ұйымында бір жылдан аз жұмыс істеген болса, онда демалыс күндері жұмыс істеген кезең (ай) негізінде есептеледі.
Демалыс күндерінің нақты саны 56 күнтізбелік күнді 12 айға бөлу және нақты жұмыс істеген айлар санына көбейту арқылы есептеледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1011607?lang=kk
Жауап қалдыру