
БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ДЗЮДОДАН ОБЛЫСТЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Сайрам ауданында дзюдо күресінен облыстық ашық біріншілік өтті. Жарыс «Ақсу жекпе-жек спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің күрес залында ұйымдастырылды.
Аталған сайысқа 2010–2011 және 2012–2013 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысты. Татами төрінде 100-ге жуық жас спортшы бақ сынап, өзара мықтыны анықтады.
Жарыстың басты мақсаты – ауыл жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ нашақорлық пен маскүнемдікке қарсы күресте спорттың тәрбиелік маңызын арттыру.
Дзюдо – баланы тәртіпке, табандылық пен төзімділікке баулитын күрес түрі. Белдесулер барысында жас спортшылар жоғары деңгейдегі дайындық пен шеберлік көрсетті. Жарыс талапқа сай ұйымдастырылып, барлық қатысушыларға әділ төрелік жасалды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1012535?lang=kk

Жауап қалдыру