
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Қостанай облысының әкімдігіне мемлекеттік және орыс тілдерінде рельефті-ноқатты Брайль қарпінде шығарылған Конституцияның 8 данасын берді.
Бүгін, 2025 жылғы 5 маусымда «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ салтанатты тұсаукесер өтіп, келесі ұйымдарға өтеусіз тапсырылды:
– «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «балабақша-мектеп-интернаты» Қостанай арнайы кешені» КММ;
– Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ;
– «Қостанай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Қостанай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ;
– «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысының филиалы;
– «Мир нашими глазами» қоғамдық бірлестігі;
– «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ «Мүгедектігі бар адамдарға арналған Қостанай облыстық оңалту орталығы» КММ;
– «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ «Рудный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/1013028?lang=kk

Жауап қалдыру