
1 Маусым Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күні барлық ата-ана кішкентай балақайларға ерекше көңіл бөледі. Ауыл-аймақ, қалаларда осы күнге арналған түрлі концерттер ұйымдастырылып, тіпті кейбір компаниялар немесе орталықтар аталған күні балаларға арнап арнайы сый дайындайды. | Ауылымыздың ірі кәсіпкерлері мен инвесторлары ерекше балаларымызға және тұрмысы төмен көп балалы отбасыларындағы бүлдіршіндерге түрлі сыйлықтарын ұсынды. Атап айтсақ, балаларымыздың қуанышына себеп болған арнайы “Мағжан и К” мен “НК құрылыс” ЖШС-ң басшыларына және ауылымыздың М.Бақбергенов, Қ.Болтаева Т.Бегманова, Қ.Оңғарбаев атты кәсіпкерлеріне ата-аналар тарапынан қолдау мен қамқорлығы үшін арнайы алғыстарын айтуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aqzharma-district/press/news/details/1012226?lang=kk
Жауап қалдыру