
Құрметті Целиноград ауданының тұрғындары!
Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!
Осынау ұлық мереке ең асыл құндылықтарды — қайырымдылықты, әділдікті, мейірімділікті және жақындарымызға деген жанашырлықты дәріптейді. Рухани дамуға, ата-ананы құрметтеуге, мұқтаж жандарға қол ұшын беруге насихаттайды және болашаққа деген сенімді нығайтады.
Осы берекелі күнде баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық бақыт, өркендеу мен амандық тілеймін. Ойға алған барлық арман-тілектеріңіз орындалсын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1013275?lang=kk

Жауап қалдыру