Целиноград ауданының әкімі медициналық мекемелердің құрылыс нысандарын тексеруді жалғастыруда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кеше Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы аудандық прокуратура мен аудандық емхананың өкілдерімен бірге «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан денсаулық сақтау нысандарына бірқатар ауылдық елді мекендерге жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында аудан әкімі Раздольное, Жаңа Жайнақ, Төнкеріс және Арайлы ауылдарындағы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан медициналық мекемелерді аралады. Аудан әкімі нысандарда құрылыс қарқынымен, ғимараттардың дайындық деңгейімен, инженерлік коммуникациялардың қосылу барысымен, медициналық жабдықтардың жеткізілуімен және нысандарды пайдалануға беру бойынша дайындық жұмыстарымен танысты.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша аудан әкімі тиісті сала мамандарына және мердігер ұйымдарға барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берді.


Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1013252?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді