Дауылды ескерту

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «ҚАЗГИДРОМЕТ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалының 2025 жылғы 05 маусымындағы дауылды ескерту туралы №04 ҚҚ хатына сәйкес Шымкент қ.: 06 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өрт қауіптілігі жоғары!

Қала аумағында өрттің жоғары қауіптілігі сақталып тұр. Құрғақ ауа райы мен жел – өрттің тез таралуына қолайлы жағдай туғызады.

Өрттің алдын алу үшін не істеу қажет:

  1. Орманда және ашық аумақтарда от жағуға болмайды.
  2. Темекі тұқылдары мен сіріңкелерді тастамаңыз.
  3. Аулада су қорын дайындап қойыңыз және өрт сөндіргіштердің жарамдылығын тексеріңіз.

Егер өртті байқасаңыз — шұғыл түрде 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!

Қауіпсіздік – әрқайсымыздан басталады!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1013171?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді