Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеуге орайластырылған «Біз жастар – «Таза Қазақстан» үшін, «Трендтегі табиғат» викториналары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 5 маусымда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеу аясында Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы қала жастары арасында викторина өткізді.

Викторина барысында қатысушылар 5 командаға бөлінді. Сұрақтар қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу, биоәртүрлілікті сақтау және т. б. тақырыптардың кең ауқымын қамтыды. Викторина қорытындысы бойынша қатысушылар мақтау қағаздарымен, алған орны үшін мүсіншелермен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Аталған іс-шараның мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаға саналы көзқарасты қалыптастыру, студенттердің экология мәселелері бойынша білім деңгейін арттыру, сондай-ақ топтық жұмыс және экологиялық жауапкершілік дағдыларын дамыту.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-tabigat/press/news/details/1012925?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді