
1–3 маусым күндері Алматы қаласында OCTAGON кәсіби ММА лигасының турнирі өтті.
Жарысқа 4 елден 90 спортшы қатысты. Престижді турнирде 70 кг салмақ дәрежесінде Павлодар облыстық ПД-нің қызметкері Қанағат Ыдырышев өнер көрсетті. Оның қарсыласы өзбекстандық тәжірибелі спортшы болды. Жақсы техникасы мен төзімділігін көрсеткен Қанағат үшінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп, ММА чемпионы атанды.
– «Қылмыспен тиімді күресу үшін полицейлерге спортпен үнемі айналысу қажет. Себебі спорт – мақсатқа жету, төзімділік, күш пен ептілік, сондай-ақ өз мүмкіндіктеріңді дұрыс бағалау секілді қасиеттерді дамытады. Бұл қасиеттер полиция жұмысында өте маңызды», – деді Қанағат Ыдырышев.
Чемпионымыз – еркін күрестен спорт шебері, сондай-ақ қол күрес, жауынгерлік самбо және қазақша күрестен спорт шеберлігіне үміткер.
Бұл жеңіс Қанағатқа алтын медаль ғана емес, сонымен қатар оның спортшы және заң қорғаушы ретіндегі кәсіби деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді, – деп атап өтті полиция департаменті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1012958?lang=kk
Жауап қалдыру