2025 жылдың 27 мамырында Есіл ауданының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» жобасы аясында қоғамдық қауіпсіздік қамтамсыз ету және сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу мәселесі бойынша жергілікті атқарушы орган мен кұқық қорғау құрылымдары өкілдерінің қатысумен ведомствоаралық кеңес өткізді.
Кеңес барысында аудан прокуратурасының қадағалау жұмысының нәтижелері қаралды, проблемалық аспектілер белгіленді және одан әрі жұмыстың басым бағыттары айқындалды. Профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру және құқықтық тәртіпті нығайту үшін барлық ведомстволардың өзара іс-қимыл жасау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Прокуратура аудан аумағында азаматтардың құқықтарын қорғау және заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жүйелі түрде жұмысын жалғастыруда.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1012466?lang=kk

Жауап қалдыру