
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Смирново ауылында «Біз Қазақстанның балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз» атты ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Балалар үшін қуанышқа толы бұл күні түрлі ойын-сауық және спорттық бағдарламалар өткізілді. Мереке аясында балаларға тәтті мақта мен дәмді сыйлықтар таратылып, асфальтқа сурет салу байқауы, сурет салу бұрыштары ұйымдастырылды. Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері аниматорлар ретінде балғындарды түрлі байқаулармен қуантып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сондай-ақ, мереке аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде мектепке дейінгі балаларға арналған спорттық эстафеталар өтті, саябақта ең кішкентайлар үшін мультфильмдер көрсетіліп, мектеп оқушылары арасында футбол жарыстары ұйымдастырылды.
Аққайың ауданының әкімі Жанар Құсайын балаларға ерекше сый жасады — әр балаға қамқорлықтың, мейірімділік пен ілтипаттың белгісі ретінде тегін балмұздақ табысталды.. Бұл — балаларға деген қамқорлықтың, мейірім мен назардың жарқын көрінісі болды.
Балалар шаттанып, қуанышқа бөленіп, ұмытылмас әсермен үйлеріне оралды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akkayiyn/press/news/details/1013300?lang=kk

Жауап қалдыру