КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті.
Кезекті аппарат отырысында күн тәртібіндегі:
✅ Оқу жылының қорытындылары және демалыс кезеңінде оқушылардың сауықтыру демалысын ұйымдастыру мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
✅ Шомылу кезеңіне дайындық іс-шаралары және ағымдағы жағдай мәселелері қаралып, сала бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Аудан әкімі жауапты сала басшыларына балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын жоғары әрі сапалы деңгейде ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ, олардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін қатаң бақылауда ұстауды талап етті. Сонымен қатар, рұқсат етілген шомылу орындарында балалардың шомылуы үшін қауіпсіз аймақтар ұйымдастырылуын және де рейдтік іс-шаралар мен түсіндірме жұмыстарын жүргізілу керектігін ескертті. Жиын соңында сала бөлім басшылары мен ауыл, кент әкімдеріне бірқатар хаттамалық тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1011408?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді