
Надира Қанапияқызы Қазыбаева – 1960 жылы 1 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген.
1980 жылы Талдықорған медициналық училищесін «санитарлық фельдшер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1980 жылы Державинск аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында санитарлық дәрігердің көмекшісі болып бастап, одан әрі медициналық мекемеде мейірбике және кәсіптік дезстанция бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.
1998 жылдан 2019 жылға дейін Бостандық ауданының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінде дәрігер-эпидемиологтың көмекшісі, жетекші және бас маман болып жұмыс істеді.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы Бостандық ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында еңбек шарты бойынша жұмыс істейді.
Жұмыста жеткізген жетістіктері үшін әр түрлі ведомстволардың алғыс хаттарымен, грамоталарымен марапатталған.
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Надира Қанапияқызы Қазыбаеваға көп жылдық еңбегі үшін алғыс айтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1013155?lang=kk

Жауап қалдыру