НҰРАЛЫҚТАР РӘМІЗДЕР КҮНІН АТАП ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күні. Қалыптасқан дәстүр бойынша, бұл күні мемлекеттік рәміздердің маңызын айшықтайтын бірқатар маңызды іс-шаралар өтті. Атап өтсек Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған велошеру өткізілді. Велошеру басталуы С. Сейфуллин алаңынан басталып, Нұра кентінің “Жастар алаңы” алаңында аяқталды. Велошеруге шамамен 80 адам қатысты.

Сонымен қатар, Нұра кентінің “Жастаралаңында” 11.00 де  ҚазақстанРеспубликасының Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі және Мемлекеттік Гимнді бір мезгілде орындау ұйымдастырылды.

Елтаңба, Ту мен Гимн – еліміздің тарихынан сыр шертетін, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер, тәуелсіз мемлекеттің басты символдары.

Бұл рәміздер ұрпақтар өмірбаянының өзгеше қастерлі белгілері болып қала бермек. Қыран бүркіттей күш-қуатымызды бейнелей желбіреген байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатса, тұлпар тұрпатты Елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымыз бен шаңырағымыздың беріктігін паш етуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/1012206?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді