
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы ұйымдастырған кездесуге қатысты.
Кездесу барысында, Омбудсмен өкілі Қазақстан Республикасының Конституциясында және Республика бекіткен Халықаралық шарттарда адам және азаматтарға кепілдік берілген іргелі құқықтар, БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, “Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы” Конституциялық заңның негізгі ережелері, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі қызметінің міндеттері туралы айтып өтті.
Сонымен қатар, Қызылорда облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Әбдіқадыр “Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодекс нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мәселелері” бойынша мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы кеңінен айтып өтті. Баяндама барысында қызметтік әдепті сақтау мен заң талаптарын бұзбаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1013006?lang=kk

Жауап қалдыру