
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев ҰАТ тобымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшылығы және қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында, тараптар алдағы уақытта азаматтардың құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мекемелерді аралау және қоғамда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуге келісті.
Сонымен қатар, бірлескен мониторингтер, құқықтық оқыту тренингтері мен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру көзделіп отыр. Мұндай шаралар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және адам құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік береді.
Кездесу нәтижесінде тараптар адам құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында бірлескен жобалар мен ақпараттық шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Бұл қадамдар мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы сенімді нығайтуға сенімін тигізеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1011609?lang=kk
Жауап қалдыру