округі жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жиналысының

Жарияланды:

Автор:

категорияда

округі жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жиналысының

№ 4  хаттамасы

 

 

Еңбекшіқазақ  ауылы                                                                 30 мамыр  2025 жыл                                                      

 

  Жиналыс төрағасы: Уалиев Б.

 Жиналыс хатшысы: Искакова А.

 

 

Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны: 9 адам

Қатысқандар: жергілікті қоғамдастық  мүшелері – 7 адам,   ауыл,  көше тұрғындары 16 адам (тізімі қоса тіркеледі)

(тұрғындардың  тегі,аты  және  қойған  қолы  анық  болуы  шарт).

 

Күн тәртібінде:

 

  1. Еңбекшіқазақ ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз болып, басшылық қызмет атқарған , еңбек ардагері болған Рысжан Әлімбаевтың атына   көше есімін беру туралы.

 

          Кіріспе  сөзбен, жиынды Лабасы  ауылдық  округінің  әкімі  Т.Кешуов ашты. Әкім өз сөзінде,  соғыс және еңбек ардагері  Рысжан Әлімбаевтың ұрпақтары әкелеріне көше есімін беру туралы өтініштерін білдірген еді.  Баршаңызға   белгілі, осы ауылда туып өскен, жастайынан  еңбекке араласып, Ұлы Отан соғысына қатысып , елімізді, жерімізді   қорғаған  майдангерлеріміздің бірі, соғыс ардагері және еңбек ардагері Рысжан Әлімбаевтың есімін осы ауылдағы ПМК көшесіне беру туралы ұсыныс түсті.  Сол ұсынысты қалай қабылдайсыздар.

 

Жарыссөзге шыққандар:

  1. Уалиев Бакыт – ақсақалдар алқасының төрағасы: Құрметті ауылдастар, соғыс және еңбек ардагері Р.Әлімбаевтың Қысқаша өмірбаянымен таныстырып кетуге рұқсат етіңіздер:

Әлімбаев Рысжан 1914 жылы Алматы облысы, Талдықорған ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген.  Еңбек жолын 1930 жылы Талдықорған ауданындағы  № 6 ауылында мектептің меңгеруішісі болып бастады. 1933 жылдын 1936 жылғы дейін Талдықорған ауданындағы Нұра, Биғаш, Талдыарық  бастауыш мектептерінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.  Түргендегі педагогикалық  училищені бітіргеннен кейін 1938 жылдан  1941 жылға дейін Алматы облысының Іле ауданындағы Жаңадәуір, одан кейін Шилікемер ауылындағы мектептерде мұғалім болды.

      1941 жылдан 1945 жылға дейін Ұлы Отан соғысына  5 жыл бойы қатысып,  елімізді неміс-фашист басқыншыларынан қорғады.

Майданнан оралғаннан кейін 1946 жылдың қаңтарында халық ағарту саласындағы жұмысын одан әрі жалғастырды. Еңбекшіқазақ ауылындағы  толықсыз орта мектептің мұғалімі, одан кейін директоры болып қызмет атқарды. 1974 жылы құрметті демалысқа шығып, өмірінің соңына дейін ауылымыздың көркеюіне, әлеуметтік саласына, қоғамдық жұмысына белсене араласты.

 Соғыс жылдары көптеген медальдармен, орденмен, мақтау қағаздармен марапатталған: «Қызыл жұлдыз» орденімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен,  «Ерен еңбегі үшін», «Батылдығы үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін», «Варшаваны басып алғаны үшін», Берлинді басып алғаны үшін, «Германияны жеңгені үшін»  және Ұлы жеңістің 40 жылдығы медальдарымен марапатталған.

2. Орманбетов М.-  ПМК көшесінің тұрғыны. Өте дұрыс деп айта аламын. Иә,  Әлімбаев Рысжан ағамыз ауылға көп еңбегі сіңген азамат,  көп жылдар бойы ұстаздық еткен  мектепке басшылық  еткен білімді жан. Елімізді, жерімізді қорғап, бізге осындай бейбіт өмір сыйлаған жандардың бірі. Көшеміздің атын Рысжан Әлімбаев атымен атауға келісеміз, қолдаймыз, қолымызды қоямыз.
3. Домдагулова Н. – ПМК көшесінің тұрғыны. Мен де келісемін, отбасымызбен қолдаймыз. Мен де ұстаздық еткен жандардың бірімін. Қаншама шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, жақсы білім берген ұлағатты ұстаз. Өте орынды, көшеміздің есімі ол кісінің атымен атауға лайық  деп санаймын. Көшеміздің атауы еш мағынасыз, мәні жоқ атау болатын, жақсы болатын болды Рысжан Әлімбаев атындағы көше деп мақтанышпен айтатын болдық.

         Ауыл тұрғындарының атынан сөйлеген Оразалинов Б., Бабашев Е., Сатылғанов Т. ПМК  көшесі Әлімбаев Рысжанның атымен аталсын деген ұсынысты бірауыздан қолдайтындықтарын  білдірді.

 

Лабасы ауылдық округінің әкімі Т.Кешуов:

Жиналысты  қорытындылай  келе дауысқа  салынды:

Қарсы, қалыс жоқ.

Барлығы  21 адам  қабылданған   шешімге дауыс беріп   қолдады.

 

Жиналыс мүшелері шешім қабылдады:

 

  1. Жетісу облысы, Көксу ауданы, Лабасы  ауылдық  округіне қарасты Еңбекшіқазақ ауылы, ПМК көшесіне  соғыс және еңбек ардагері Әлімбаев Рысжанның есімін  беру  туралы аудандық өкілетті және атқарушы органдарға ұсыныс енгізілсін.

 

 

Жиналыс төрағасы                                         Уалиев Б.

 

         Жиналыс хатшысы                                        Искакова А.

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша

 

 

Қатысушылардың тізімі :

 

  1. Уалиев Бакыт
  2. Искакова Ардақ
  3. Бабашев Емберген
  4. Биадилов Нұрқадыр
  5. Қортықбаев Мұхтар
  6. Закархан Жеңісгүл
  7. Ашимов Мұхтар
  8. Раймбекова Айнур.
  9. Мусанова Камшат
  10. Сулейменова Гульмира
  11. Оразалинов Болат
  12. Сатылғанов Тұрсынғали
  13. Орманбетов Марат
  14. Домдагулова Несіпхан
  15. Досмолданов Абзал
  16. Абдикаримов Асқар
  17. Хайдаров Серікжан
  18. Бекжанов Талғат
  19. Жанбырбаева Шынар
  20. Абдикаримова Назым
  21. Исабекова Ләззәт
  22. Бабашев Емберген
  23. Омарбеков Еліс

 

 

 

Жергілікті қоғамдастық

жиналысының төрағасы :                                               Б.Уалиев

 

Жергілікті қоғамдастық

жиналысының хатшысы:                                              А.Искакова

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-koksu/press/news/details/1012937?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді