Осакаров ауданы әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған грантын беру қағидалары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Осакаров ауданы әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған грантын беру қағидалары

 

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осакаров ауданы әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған грантын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Осакаров ауданы жастарының бастапқы бизнес-жобасын іске асыруға немесе қызмет етіп тұрған бизнес-жобасын дамытуға арналған гранттарды беру шарттары мен тәртібін айқындайды.
  2. Осакаров ауданы әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған грантын (бұдан әрі – Грант) беру «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Креативті индустрияларды дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» 2021 жылғы 30 қарашадағы №860 қаулысымен сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
  3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) бастапқы бизнес-жоба – конкурсқа қатысушының бастапқы бизнесті іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастамасы;

2) грант – жобаның бизнес-жоспарында айқындалған, оларды нысаналы пайдалану шартымен және аудан аумағында іске асырылуы грант алушыға өтеусіз негізде жүзеге асырылатын ақшалай төлемдер;

3) грант алушы – жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға гранттар беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы болып табылатын жеке тұлға;

4) “Қарағанды облысы Осакаров ауданының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесі – жастар бастамаларын ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеуді және қолдауды, жастар ортасындағы жағдайға мониторинг пен талдауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

5) жұмыс органы – Осакаров ауданының аумағында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

6) конкурстық өтінім – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттарды қоса бере отырып, конкурсқа қатысу үшін жеке тұлғаның өтініші;

7) конкурсты ұйымдастырушы – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде грант беруді ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізуші ретінде әрекет ететін, үкіметтік емес ұйым нысанындағы заңды тұлға;

8) қызмет етіп тұрған бизнес-жоба – конкурсқа қатысушының кемінде бір жыл жеке кәсіпкерлік шеңберінде іске асырылатын бизнес-жобасы.

9) экономиканың креативті секторы – негізінде жеке шығармашылық бастама жатқан салалар, ал олардың өнімі зияткерлік меншік объектілері болып табылады. Кино, видео және фотография; теледидар және радио музыка; сәулет; жарнама және маркетинг; дизайн; баспа ісі; бағдарламалық жасақтама және компьютерлік ойындар; бейнелеу өнері; орындаушылық және театр өнері; мұражайлар, галереялар және шығармашылық кластерлер; қолөнер сияқты өнер, мәдениет, бизнес және технологиялар тоғысқан салалар;

  1. Гранттар Осакаров ауданы әкімінің Жастар кәсіпкерлігін дамыту және

қолдау жөніндегі комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) шешімімен конкурстық негізде беріледі.

  1. Осакаров ауданы әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға

арналған гранттарын тағайындауға арналған конкурсқа (бұдан әрі – Конкурс) қатысушылар конкурсқа қатысуға өтінім берген соңғы 12 айда Осакаров ауданының аумағында тұрақты тұратын және тіркелген он сегіз бен отыз бес жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады. Конкурсқа қатысушылар болып қолданыстағы бизнес жобаларды дамытуға үміткер қатысушыларды қоспағанда, жұмысы және табысы жоқ еңбекке қабілетті жастағы жұмыссыздар табылады. Бизнес жобаларды дамытуға грант тек Осакаров ауданының аумағына ғана бөлінеді.

  1. Грант нысанында қолдау шараларын қаржыландыру жергілікті бюджет

қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 

2 тарау. Гранттарды беру шарттары

 

  1. Грант Осакаров ауданының аумағында бизнес-жобаларды іске асыруды жоспарлайтын конкурс жеңімпаздарына комиссияның шешімі бойынша бизнес-жобалардың бюджетіне байланысты 2 000 000 (екі миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде беріледі.
  2. Грант қаражаты коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-

ақ сауда объектілерінің, оның ішінде сауда объектілерінің аумағында бизнес-жобаны іске асыру үшін үй-жайларды жалға алу үшін халыққа қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құсты, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді өндіру және оларға қызмет көрсету үшін қажетті мүкәммалды сатып алу үшін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылады жалдау, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығы.

Бұл ретте бизнес-жобаны іске асыру үшін үй-жайларды жалға алу мақсаттарына арналған шығындар грант ретінде бөлінетін қаражат бюджетінің 10% – нан аспауға тиіс.

  1. Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.
  2. Жұмыс істеп тұрған бизнес-жобаны дамыту үшін грантқа үміткер кәсіпкерлер үшін жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі конкурстық өтінім берген сәтте кемінде бір жылды құрауы тиіс.
  3. Грант алдыңғы 3 күнтізбелік жыл ішінде бюджеттік көздерден гранттық қаржыландыру алған кәсіпкерлік субъектілеріне берілмейді.

3 тарау. Грант беру тәртібі

 

  1. Конкурс келесі негізгі кезеңдерден тұрады:

1) әлеуетті қатысушыларды конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімдері және конкурс шарттары туралы хабардар ету;

2) конкурстық өтінімдерді қабылдау;

3) бизнес-жобаларды қорғау кезеңіне конкурстық өтінімдерді іріктеу;

4) бизнес-жобаларды қорғау;

5) гранттарды табыстау.

  1. Конкурстық өтінімдерді қабылдау туралы ақпараттық хабарлама Осакаров ауданы әкімдігінің және жұмыс органының ресми сайттарында, Осакаров ауданының аумағында таратылатын баспа басылымдарында жарияланады.

Ақпараттық хабарламада конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі, конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімдері, құжаттарды қабылдау үшін пункттердің және электрондық поштаның мекен-жайлары, кеңес беру мақсатында телефон нөмірлері көрсетіледі.

  1. Конкурстық өтінімдерді қабылдауды жұмыс органы құжаттарды қабылдау пункттерінде ақпараттық хабарламада көрсетілген қолма-қол тәртіппен қамтамасыз етеді. Ақпараттық хабарламада көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімі өткеннен кейін ұсынылған конкурстық өтінімдер қабылданбайды.
  2. Қатысушының конкурстық өтінімі төмендегідей құжаттардан тұрады:

1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) «Неге мен Осакаров ауданының әкімінің грантының иегері болуға лайықпын?» тақырыбына кысқа эссе (бірінші тұлғадан еркін стильде ұсыну; бизнес идеяны іске асыру үшін тәжірибенің, білімнің және ресурстардың және басқа да артықшылықтардың болуына байланысты дәлелдер келтіру; бизнес идеяның өзіндік ерекшелігін сипаттау және оның әлеуетті тұтынушылар, халық үшін практикалық пайдасы/ тиімділігі; мәтіндік редакторда терілген 200 сөзден аспауы тиіс);

4) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес үлгілік құрылым бойынша әзірленген жобаның бизнес-жоспары;

5) соңғы 36 (отыз алты) айда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағыдайда);

6) Нақты бизнес-жобаны іске асыру үшін қажетті кәсіптік дағдылар мен құзыреттер бойынша оқудан, біліктілікті арттырудан өткенін растайтын құжаттың (диплом, сертификат), сондай-ақ соңғы 36 (отыз алты) айда бухгалтерлік есеп, салық салу, маркетинг, менеджмент, бизнес жоспарлау және т.б. курстардың көшірмесі (бар болған жағыдайда);

7) қатысушының бизнес-жобаны іске асыру үшін қажетті әзірлеуге (өнертабысқа, пайдалы үлгі, өнеркәсіптік үлгіге) құқығын растайтын құжатының көшірмесі (патент, куәлік) (бар болған жағыдайда);

8) ағымдағы банктік шотта қаражаттың бар екендігі туралы анықтама (бар болған жағыдайда, бизнес-жобаны өз қаражаты есебінен қоса қаржыландыру мүмкіндігін растау үшін);

9) бизнес-жоспар жобасында пайдаланылатын жылжымалы және жылжымайтын мүлікке жеке меншікті растайтын құжаттардың көшірмесі немесе жалға алу шартының көшірмесі (бар болған жағдайда);

10)  соңғы алты айдағы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме («жұмыссыз» мәртебесі бар қатысушыларға қойылатын талап);

11) «Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар», «мүгедек» (бар болған жағыдайда) мәртебесін растайтын құжат (анықтама);

12) жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (қызмет етіп тұрған бизнес-жобаны дамыту үшін грантқа үміткер қатысушыларға қойылатын талап);

13) жеке кәсіпкердің ағымдағы банктік шотының болуы туралы анықтама (қызмет етіп тұрған бизнес-жобаны дамыту үшін грантқа үміткер қатысушыларға қойылатын талаптар);

14) жеке кәсіпкердің қызмет көрсететін банкте несиелік берешегінің болуы (болмауы) туралы анықтама (қызмет етіп тұрған бизнес-жобаны дамыту үшін грантқа үміткер қатысушыларға қойылатын талаптар);

15) жеке кәсіпкерде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама (ЖК болған жағдайда);

16) ұсынылатын бизнес жобаның рентабельділігі көрсетілген кент/ауылдық округ әкімінің ұсыным хаты.

  1. Жұмыс органы ұсынылған конкурстық өтінімдер негізінде қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Осакаров ауданының әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған грантқа үміткерлердің тізімін қалыптастыруды қамтамасыз етеді және оларды Комиссияның қарауына жібереді.

Жұмыс органы Осакаров ауданының әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған грантқа үміткерлердің тізімін өзінің ресми сайтында және Осакаров ауданының өзге де ақпараттық интернет ресурстарында жариялауды қамтамасыз етеді.

  1. Конкурсқа қатысушы осы Қағидалардың 15-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, жұмыс органы конкурстық өтінімді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды қатысушыға пысықтау үшін қайтарады.

Пысықталған құжаттар топтамасы бір күн ішінде ұсынылмаған жағдайда жұмыс органы конкурсқа қатысушыға грант беру үшін үміткерлер тізіміне енгізілмегені туралы хабарлама жібереді.

  1. Грант тағайындау үшін үміткерлердің тізімі жарияланғаннан кейін жұмыс органы бизнес жобаларды қорғауды жүргізу үшін комиссия отырыстарын өткізуді қамтамасыз етеді. Бизнес жобаларды қорғау көзбе-көз тәртіпте немесе бейнеконференц байланыс арқылы қашықтан режимде жүргізіледі.
  2. Грант беру үшін конкурсқа жіберілген адамдардың тізімі жарияланғаннан

кейін жұмыс органы үздік бизнес-жобаларды қорғау кезеңіне қатысушыларды іріктеу үшін комиссия отырыстарын өткізуді қамтамасыз етеді.

  1. Бизнес-жобаларды қорғау кезеңіне қатысушыларды іріктеу үшін Комиссия отырыстары ofline форматында жүргізіледі.

Комиссия отырыстарын өткізу күнін, уақыты мен орнын конкурсты ұйымдастырушы қатысушылардың назарына жеткізеді.

  1. Жұмыс органы бизнес-жобаларды қорғау үшін комиссия отырыстарын өткізуді қамтамасыз етеді. Бизнес-жобаларды қорғау комиссияның шешімі бойынша бейнеконференцбайланыс арқылы бетпе-бет жүргізіледі.
  2. Комиссия шешімінің негізінде грант беру үшін ең жоғары баллдары бар қатысушының тізімі (грант алушылардың тізімі) қалыптастырылады.

Конкурс жеңімпазы гранттан бас тартқан жағдайда грант алушылар тізіміндегі соңғы қатысушыдан кейінгі ең жоғары баллы бар қатысушы грант алушы болады.

  1. Грант алушыға ақшалай төлемдерді жүзеге асырудың міндетті шарты:

1) жеке кәсіпкер ретінде тіркеу (тіркеу болмаған жағдайда);

2) жеке кәсіпкер үшін банктік шот ашу (шот болмаған жағдайда);

3) тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыс органы, конкурсты ұйымдастырушы және Грант алушы арасында үш жақты шарт (бұдан әрі – Шарт) жасалған жағдайларда жүзеге асырылады.

  1. Гранты беру Комиссия төрағасы мен мүшелерінің, мемлекеттік органдар өкілдерінің, мәслихаттар депутаттарының, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен салтанатты жағдайда өткізіледі.

 

4 тарау. Бизнес-жобаларды бағалау

 

  1. Бизнес-жобаларды қорғау үшін конкурстық өтінімдерді іріктеу кезеңінде Комиссия мүшелері мынадай негізгі критерийлерді басшылыққа алады:

1) бизнес-жобаны іске асырудың нақты жеріндегі тауарға/көрсетілетін қызметке нарықтық сұраныс деңгейі;

2) бизнес-жобаны іске асыру үшін өтініш берушінің тәжірибесінің/біліктілігінің болуы;

3) қатысушының «жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар», «мүгедек», «жұмыссыз» әлеуметтік мәртебесіне ие болуы;

4) бизнес-жобаны экономиканың креативті секторына жатқызу.

  1. Бизнес-жобаларды қорғау үшін конкурстық өтінімдерді іріктеу шеңберінде Комиссия мүшелері осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген критерийлер негізінде үздік бизнес-жобаның жеке рейтингін қалыптастырады.
  2. Жиынтық рейтингтегі бизнес-жобалардың бірдей позицияларына байланысты даулы мәселелер туындаған жағдайда басымдық мынадай тәртіппен айқындалады:

1) «жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар», «мүгедек», «жұмыссыз» әлеуметтік мәртебесі бар қатысушы;

2) экономиканың креативті секторына жататын бизнес-жоба.

Өзге жағдайларда шешімдер қарапайым көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

  1. Бизнес-жобаны қорғау кезеңінде жалпы балл осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес бизнес-жобаны қорғауды бағалау нәтижелері бойынша қойылған Комиссия мүшелерінің орташа балынан құралады.

Бизнес-жобаларды қорғау шеңберінде бағалау мынадай критерийлерді қамтиды:

1) іске асыруға дайындық деңгейі;

2) бәсекеге қабілеттілік деңгейі;

3) бизнес-жобаны іске асыруда инновацияларды немесе жаңа технологияларды (тәсілдерді) қолдану;

4) жергілікті тұрғындар үшін ұсынылатын тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартудағы әлеует;

5) жаңа жұмыс орындарын құрудағы әлеует.

  1. Грант Комиссия мүшелерінің бағалау нәтижелері бойынша ең көп жоғары балл жинаған алғашқы үміткерге беріледі.
  2. Жалпы балдар тең болған жағдайда басымдық мынадай тәртіппен айқындалады:

1) «жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар», «мүгедек», «жұмыссыз» әлеуметтік мәртебесі бар қатысушы;

2) экономиканың креативті секторына жататын бизнес-жоба.

Өзге жағдайларда шешімдер қарапайым көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

5 тарау. Гранттың іске асырылу мониторингі

 

  1. Гранттың нысаналы пайдаланылуына мониторингті бизнес-жобалардың аумақтық тиесілігіне қарай жұмыс органы жүзеге асырады.

Грантты нысаналы пайдалану мерзімі шарт жасалған күннен бастап төрт  айдан аспайды.

  1. “Қарағанды облысы Осакаров ауданының ішкі саясат бөлімі” шарт жасалған

күннен бастап қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді.

“Осакаров ауданының ішкі саясат бөлімі”  тоқсан сайынғы негізде жұмыс органына грант алушылардың бизнес-жобасын іске асыру туралы мынадай ақпаратты қамтитын есепті дайындайды:

1) грант алған адамдардың саны туралы;

2) грант алушылар құрған жұмыс орындарының саны туралы;

3) сатып алынған құрал-жабдықтардың, еңбек құралдарының, технологиялық жабдықтың саны, түрлері туралы, сондай-ақ үй-жайларды жалдауға ақы төлеуге бағытталған қаражат туралы ақпарат қамтылуға тиіс;

4) грант алушының Шарт талаптарын орындауы туралы;

5) гранттың нысаналы пайдаланылуы бойынша мониторинг нәтижелері туралы ақпаратты қамтуы тиіс.

  1. Грант қаражатын пайдаланбау немесе мақсатсыз пайдалану фактісі анықталған жағдайда жұмыс органы грант алушымен шартты бұзу туралы шешім қабылдайды.
  2. Жұмыс органы шартты бұзу туралы шешім қабылдаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен пайдаланылмаған немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған Грант қаражатын қайтару бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

 

 

Қосымша 1

 

Осакаров ауданының әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған грантын тағайындау бойынша конкурсына қатысу үшін

Конкурстық өтінім

 

Тегі

 

Аты

 

Әкесінің аты (бар болған жағдайда)

 

Туған күні

 

Білімі

 

Ағымдағы қызметі

(жұмыс орны, лауазымы / оқу орны)

 

Байланыс деректері (ұялы/жұмыс телефондар, электрондық пошта)

 

Тұрғылықты мекен-жайы

 

Бизнес-жоба атауы

 

Осакаров ауданы әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған грантын тағайындау үшін менің конкурстық өтінімімді қарауды сұраймын.

Грантқа үміттенемін:

□   бастапқы бизнес-жобамен;

□   қолданыстағы бизнес-жобаны дамытуға.

Әлеуметтік мәртебені растаймын (бар болған жағдайда):

«жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты;

□ мүгедектігі бар адам;

жұмыссыз.

Бизнес-жобаны өз қаражаты есебінен қоса қаржыландыру:

□   бар;

□   жоқ.

Бизнес-жобаны іске асыру үшін мүлік пен әзірлемелерге құқығы:

□   бар;

□   жоқ.

Бизнес-жобаларды іске асыруға гранттар нысанында қаржыландыру:

□   жоқ, алған жоқпын;

□   иә, облыс әкімінің 20__ жылғы гранты __________;

□   иә, 20__ жылы қала/аудан әкімінің гранты __________;

□ иә, 20__ жылы Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде («2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба», «Бизнестің жол картасы») ______ көлеміндегі грант;

□ иә, 20__ жылы басқа көздерден (жеке және халықаралық қорлар, ұйымдар) __________ көлеміндегі грант;

□ __________ соммаға грант алуға қарастыру барысындағы өтінім бар.

 

Өтінішке Осакаров ауданы әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған грантын беру Қағидасының 14-тармағына сәйкес төмендегідей құжаттар қоса беріледі:

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • ««Неге мен Осакаров ауданы әкімінің грантының иегері болуға лайықпын?» тақырыбына кысқа ЭССЕ;
  • Осакаров ауданы әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған грантын беру қағидаларына (бұдан әрі-Қағидалар) 2 – қосымшаға сәйкес әзірленген жобаның бизнес-жоспары;
  • кәсіпкерлік негіздеріне, оның ішінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту курстарынан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
  • бизнес-жобаны іске асыру үшін қажетті кәсіптік дағдылар мен құзыреттер бойынша оқудан, біліктілікті арттырудан өткенін растайтын құжаттың (сертификат, диплом) көшірмесі, сондай-ақ соңғы 36 (отыз алты) айда бухгалтерлік есеп, салық салу, маркетинг, менеджмент, бизнес жоспарлау және т.б. курстардың көшірмесі (бар болған жағдайда);
  • қатысушының (патент, куәлік) бизнес-жобаны іске асыру үшін қажетті әзірлеу (өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі) құқығын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
  • ағымдағы банктік шотта қаражаттың болуы туралы анықтама;
  • бизнес-жоспар жобасында пайдаланылатын жылжымалы және жылжымайтын мүлікке жеке меншікті растайтын құжаттардың көшірмесі немесе жалға алу шартының көшірмесі;
  • соңғы алты айдағы жеке зейнетақы шотынан көшірмесі;
  • «жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар», «мүгедек» мәртебесін растайтын анықтама (құжат);
  • жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда);
  • жеке кәсіпкердің ағымдағы банктік шотының болуы туралы анықтама;
  • қызмет көрсететін банкте несиелік берешектің болуы (болмауы) туралы анықтама;
  • жеке кәсіпкердің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама.
  • ұсынылатын бизнес жобаның рентабельділігі көрсетілген кент/ауылдық округ әкімінің ұсыным хаты.

 

Конкурстық өтінімде және оған қосымшаларда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын растаймын және менің дербес деректерімді автоматтандырылған түрде өңдеуге жеке келісім беремін.

Осакаров ауданы әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған грантын беру қағидаларымен таныстым және келісемін.

Менің келісімім қол қойылған күнінен бастап жазбаша нысанда қолданылады.

____________________

(қолы)

«____»_______________ 20__ж.

 

Конкурстық өтінім дербес компьютерде толтырылады.

Деректер расталған жағдайда «□»деген бағанға белгі қойылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2

 

 

Осакаров ауданы әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған грантын тағайындау конкурсына қатысуға арналған бизнес-жоспардың үлгі құрылымы

 

  1. Түйіндеме
  2. Жоба тұжырымдамасы
  3. Өнім/қызмет сипаттамасы
  4. Тауарды өндіру/өткізу бағдарламасы
  5. Маркетингтік жоспар (нарықтағы жағдай, негізгі және әлеуетті бәсекелестер, нарықтың дамуын болжамды бағалау, күтілетін өзгерістер, маркетинг стратегиясы)
  6. Техникалық жоспарлау (технологиялық процесс, үй-жайлар, ғимараттар мен құрылыстар, жабдықтар мен құралдар, коммуникациялық инфрақұрылым)
  7. Ұйымдастыру, басқару және персонал
  8. Жобаны іске асыру (іске асыру жоспары, жобаны іске асыруға арналған шығындар
  9. Пайдалану шығындары
  10. Жалпы және әкімшілік шығыстар (кәсіпорынның бір айдағы жалпы және әкімшілік шығыстары, еңбекке ақы төлеу шығыстарын есептеу, салықтар)
  11. Жобаның тиімділігі (пайда мен залалдарды есептеу, жобаның экономикалық тиімділігінің негізгі көрсеткіштері)
  12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер (жобаның әлеуметтік-экономикалық маңызы, қоршаған ортаға әсер ету)

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 3

 

 

Осакаров ауданы әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған гранттар тағайындау жөніндегі конкурстың шеңберінде бизнес-жобаларды қорғау кезеңіне іріктелген

 КОНКУРСТЫҚ ӨТІНІМДЕР ТІЗІМІ

 

 

Конкурстық өтінімнің бірегей нөмірі

Қатысушының Т.А.Ә.

Бизнес-жоба атауы

1.                  

 

 

 

2.                  

 

 

 

3.                  

 

 

 

 

 

 

 

Комиссия мүшелері:     

______________________

______________________

______________________

______________________

______________________

______________________

______________________

______________________

______________________

қолы

(қолтаңбаның толық жазылуы)

күні

 

 

 

Комиссия Хатшысы:

 ____________________

 

______________________

 

______________________

 

   (қолтаңбаның толық жазылуы)

күні

 

Қосымша 4

 

 

Осакаров ауданы  әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған гранттар тағайындау жөніндегі конкурстық Комиссия мұшесінің

ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАЛАУ ВЕДОМОСЫ

 

Қатысушының Т.А.Ә.

Бизнес-жоба атауы

Бизнес-жобаны бағалаудың жалпы балы

1.      

 

 

 

2.      

 

 

 

3.      

 

 

 

 

 

 

 

Комиссия мүшелері:     

______________________

______________________

______________________

______________________

______________________

______________________

______________________

______________________

______________________

қолы

(қолтаңбаның толық жазылуы)

күні

 

 

 

Комиссия Хатшысы:

 ____________________

 

______________________

 

______________________

 

   (қолтаңбаның толық жазылуы)

күні

 

 

Қосымша 5

 

 

Осакаров ауданы  әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған гранттар тағайындау жөніндегі конкурсының

2023 ЖЫЛҒЫ ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ

 

Қатысушының Т.А.Ә.

Бизнес-жобаның атауы

Жалпы балл

1.                  

 

 

 

2.                  

 

 

 

3.                  

 

 

 

 

 

 

 

Комиссия мүшелері:     

______________________

______________________

______________________

______________________

______________________

______________________

______________________

______________________

______________________

қолы

(қолтаңбаның толық жазылуы)

күні

 

 

 

Комиссия Хатшысы:

 ____________________

 

______________________

 

______________________

 

   (қолтаңбаның толық жазылуы)

күні

 

Қосымша 6

 

 

Осакаров ауданы  әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған гранттар тағайындау жөніндегі комиссия мүшесінің

БАҒАЛАУ ТІЗІМДЕМЕСІ

 

Қатысушының Т.А.Ә.

 

 

Қатысушының бірегей нөмірі

 

Бизнес- жоба атауы

 

 

 

  1. Бизнес-жобаны бағалау

 

Бағалау критерийлері

Баллмен бағалау

1.                                                                                                                                                                                                                    

Бизнес-жобаны іске асыруда инновацияларды немесе жаңа технологияларды (тәсілдерді) қолдану

 

2.                                                                                                                                                                                                                    

Бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау-маркетингтік талдау)

 

3.                                                                                                                                                                                                                    

Бизнес-жобаны енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, ізденушіні орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның дайындық деңгейі)

 

4.                                                                                                                                                                                                                    

Жергілікті тұрғындар үшін ұсынылатын тауарлардың/қызметтердің сапасын жақсартудағы әлеует

 

5.                                                                                                                                                                                                                    

Жаңа жұмыс орындарын құру әлеуеті

 

 

Ескертпе:

  1. Әр критерийді бағалау үшін 5 балдық шкала қолданылады.

 

Қанағаттанарлықсыз

Қанағаттанарлық

Жақсы

Өте жақсы

1-2 балл

3 балл

4 балл

5 балл

  1. Әрбір ұсынылған критерий бойынша жобаны іске асыру орны ескеріледі.
  2. Қорытынды баллды комиссия хатшысы шығарады.

 

Комиссия мүшесі ______________                       

                                қолы                            

_______________________

    (қолтаңбаның толық жазылуы)

 «____»______________ 20__ ж.

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-osakarovka/press/news/details/1013093?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді