Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті жерлестер!

Сіздерді бүгінгі еліміздегі мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Рәміздер кез-келген елдің ұлттық нышаны, егемендігінің, ерекшелігінің еңселі белгісі.
Ал, оларды қастерлеу, дұрыс орналастыру және пайдалану заңдылықтарын сақтау әрбір ел азаматының міндеті болып табылады.
Көк туымыз желбіреп, Елтаңбамыз нұр шашып, Әнұранның асқақ әуені ойнаған сәтте әрбір қазақстандықтың қанында Отанға деген мақтаныш пен патриоттық сезім ойнайды.
Себебі, мемлекеттік рәміздердің мән – мағынасы ата – баба тарихымен терең сабақтасып, бүгінгі ұрпақтың өшпес рухына айналған.
Осынау мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, баянды бақыт пен бекем бірлік тілеймін. Рәміздеріміздің беделі биіктеп, бейбіт Отанымыздың абыройы асқақтай берсін!

Ізгі тілекпен,
Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1011412?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді