
Іс-шара барысында ауыл әкімі Парасат Мұсабекұлы ауылдың даму көрсеткіштері бойынша баяндама жасады.
Кездесуде тұрғындар тарапынан бірқатар маңызды мәселелер көтерілді.
Атап айтқанда:
🔹 ауыз сумен қамтамасыз ету;
🔹 тұрмыстық қалдықтарды шығару;
🔹 жеке кәсіпкерлікті дамыту;
🔹 жол жөндеу және салу;
🔹 көше жарығын орнату;
🔹 тұрақты электрмен қамтамасыз ету сынды мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындары әлеуметтік – экономикалық ахуалдың жақсарғанын, мәдениет саласындағы оң өзгерістерді атап өтіп, атқарылған жұмыстар үшін алғыстарын білдірді.
Кездесуге Қосшы қаласы әкімінің орынбасарлары, қалалық бөлімдердің басшылары және мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.
Осындай кездесулер халықпен ашық диалог орнатуға, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауға және өзекті мәселелерді бірлесе шешуге бағытталған.
#Қосшықаласы #Тайтөбе #ӘкімменКездесу #ХалықпенБайланыс #АшықӘкімдік
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/1013326?lang=kk

Жауап қалдыру