
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті республикалық мүлікті басқару, мемлекеттің республикалық мүлікке құқықтарын іске асыру және республикалық мүлікті жекешелендіру салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бола отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне тиісті көңіл бөледі.
Комитет сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау жолымен сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізеді.
Орталық аппаратта және оның аумақтық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытудан өтеді, Комитет жүйесінің Әдеп жөніндегі уәкілдері қызметкерлер арасында профилактикалық сипаттағы іс-шаралар өткізеді, құқықтық насихаттау жөніндегі іс-шаралар өткізіледі.
Мәселен, 2025 жылғы 4 маусымда Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Е.К. Егембердының басшылығымен Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен Стратегия, персоналды басқару және жұмылдыру жұмысы департаменті басшысының қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі және оның алдын алу жөніндегі жұмыс жоспарлары бойынша кеңес өткізілді.
Комитеттің орталық аппаратының қызметкерлеріне және аумақтық бөлімшелердің басшыларына басшылық тарапынан бақылауды күшейтуден бастап ұжымда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға дейінгі нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Сондай-ақ, кеңесте қызметтің негізгі бағыттары, цифрландыру, жұртшылықпен өзара іс-қимыл, еңбек және орындаушылық тәртіп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1013240?lang=kk

Жауап қалдыру