ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында алғаш рет ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратура ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов бекіткен Сот төрелігі академиясын дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында Сот төрелігі академиясында алғаш рет ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратура ашылды.

Осы жылдың 2 маусымынан бастап ғылыми-педагогикалық магистратураға құжаттарды қабылдау басталды. Оқу мерзімі – 2 жыл. Аталған бағдарлама сот төрелігі саласында жоғары білікті ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған. Бағдарлама заң ғылымының, құқықтық саясаттың және сот білімінің дамуына үлес қосатын мамандарды даярлауды көздейді.

Ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуға заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келетін барлық ниет білдірушілер қабылдана алады.

Атап айтқанда, үміткер келесі талаптарға сай болуы тиіс:

– Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкес келуі;

– құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін 28 жасқа толуы;

– жоғары заңгерлік білімі болуы;

– құжаттарды қабылдау аяқталғанға дейін заңгерлік мамандық бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы.

Ғылыми-педагогикалық магистратураның ашылуы сот жүйесінің кадрлық әлеуетін нығайтуға, сондай-ақ ғылыми-білім беру ортасын және жалпы құқық ғылымын дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Қажетті құжаттардың тізімі, оларды тапсыру мерзімі және басқа да ақпаратпен Сот төрелігі академиясының ресми ресурсында таныса аласыздар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1012522?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді