САРЫАҒАШ: ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТЫҢ ҚАЙЫРЫМЫ МОЛ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Сарыағаш ауданының  тұрғыны Гүлдана Ақбердиева  өз ісін бастау үшін 2024 жылы мемлекеттік қайтарымсыз грант алған. Қазіргі таңда, жас  кәсіпкер бөдене шаруашылығын дамытып, экологиялық таза өнім өндіруде.

 

Қазіргі таңда,  үй жағдайында кәсібін дөңгелетіп отырған көпбалалы ана алғашқы қаражатқа 1000 бас бөдене мен қажетті құрал-жабдықтарды сатып алған. Жас кәсіпкер айына 2500-3000 дана бөдене жұмыртқасын оған қоса, 200-250 кг ет өнімін алып,1  азаматты тұрақты жұмыспен қамты отыр.

 

Кәсіпкерлік саласы, оның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатта мемлекет тарапынан қолдау да көп. Жеке бизнестің жілігін шағып, жемісін көргісі келетін азаматтар қатары күн сайын артуда.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1012968?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді