
2025 жылдың 05 маусым күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының базасында 186 педагогі, оның ішінде бастауыш сынып, қазақ тілінде оқытатын химия пәні, орыс тілінде оқытатын биология мен информатика пәні мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарының ілгерінді деңгейін аяқтады.
Курстың барысы педагогтердің кәсіби даму бағдарламаларын жетілдіруге, оқу-әдістемелерін жаңартуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған.
Курстың соңыында кері байланыс берілді. Мұғалімдер курс бағдарламасына оң баға беріп, сұрақтарына жауаптарын алды.
Қалған негізгі пәндердің 375 педагогі біліктілікті арттыру курстарының ілгерінді деңгейін 2025 жылғы 18-22 тамыз аралығында өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1012961?lang=kk
Жауап қалдыру